Center Image
IHSAN.KZ
«Жастар - руханият шамшырағы»: Жастармен кездесу өтті
«Жастар - руханият шамшырағы»: Жастармен кездесу өтті

Қарағанды облысына қарасты Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы Дүниежүзілік жастар күніне орай аудандық әкімдік ғимаратында «Жастар руханият шамшырағы» тақырыбында кездесу өткізді.

Жиын барысында жастардың рухани тәрбиесі, көркем мінез қалыптастыру, қоғам алдындағы жауапкершілік, білім алудың маңызы және дәстүрлі дін құндылықтары туралы тағылымды насихат айтылды. Сонымен қатар жастармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Кездесу жас буынды рухани тұрғыда қолдау, тәрбиелік бағыттағы жұмысты нығайту және жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz