Center Image
IHSAN.KZ
«Иса молла» мешітінде сенбілік жұмыстары жүргізілді
«Иса молла» мешітінде сенбілік жұмыстары жүргізілді

Қарағанды облысына қарасты Шет ауданының Ағадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінде имам Нұржан Оңғарұлының ұйымдастыруымен сенбілік жұмыстары жүргізілді. Шараға мешіт қызметкерлері мен жамағат белсенді түрде атсалысып, мешіт ауласы тазаланып, айнала ретке келтірілді.

Бұл игі бастаманың мақсаты мешіт аумағын көркейту, тазалық мәдениетін насихаттау және жамағат арасында бірлік пен ынтымақты арттыру болып табылады.

Қатысушылар осындай ортақ іске үлес қосу әр мұсылманның қоғам алдындағы жауапкершілігінің бір көрінісі екенін атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz