Center Image
IHSAN.KZ
Садақ ату – сана мен рух тәрбиесі
Садақ ату – сана мен рух тәрбиесі

Теміртау  орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің сауат ашу курсы шәкірттері ұлттық мұра мен діни құндылықтарды насихаттау мақсатында садақ ату өнерін үйренуде.

Бағдарлама «Дін мен дәстүр» бағыты аясында ұйымдастырылып, жастардың рухани тәрбиесімен қатар ұлттық салт-санасын нығайтуды көздейді. Садақ ату жаттығулары тәрбиелік мәнге ие болып, шәкірттердің сабырлылық, ептілік және жауапкершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған.

Шара барысында қатысушыларға қазақ батырларының ерлігі, тарихи жауынгерлік дәстүр және мұсылмандықта дене шынықтырудың орны жөнінде де түсіндірме берілуде.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz