Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» жастары «Qalyp» кітабын талқылады
«Төлеутай ата» жастары «Qalyp» кітабын талқылады

Дүниежүзілік жастар күніне орай Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің жастары «Бір айда бір кітап» жобасы аясында «Qalyp» атты рухани кітапты талқылады.

Жастарға арналған мазмұнды отырыс барысында дастархан жайылып, жылы рухани орта қалыптасты. Мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы кітаптың маңызы мен негізгі мазмұнына тоқталып, ондағы рухани тәрбие, мінез қалыптастыру, адамгершілік құндылықтарды дамыту туралы ойларды түсіндірді.

Шараға қатысқан жастар өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтар қойып, пайдалы уағыз тыңдады. Аталған жоба жастардың кітап оқуға деген ынтасын арттырып, рухани дүниесін байытуға бағытталған.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz