Center Image
IHSAN.KZ
«Ғизат қажы» мешітінде Алланың көркем есімдері бойынша сайыс өтті
«Ғизат қажы» мешітінде Алланың көркем есімдері бойынша сайыс өтті

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданына қарасты Байқадам ауылдық «Ғизат қажы» мешітінің имамы Орынбай Ерланның ұйымдастыруымер жастар арасында «Алланың 99 көркем есімдерін жатқа айту» жарысы өтті.

Рухани шарада қатысушылар Алланың көркем есімдерін жатқа айтып, білімдері мен ынталарын көрсетті. Жарыс жастардың діни білімін арттырып, рухани тәрбиеге ынталандыруды мақсат етті.

Жеңімпаздар келесідей марапатталды:

1-орын: Велосипед

2-орын: 15 000 тг

3-орын: 10 000 тг

4-орын: 5 000 тг

5-орын: 2 000 тг (ынталандыру сыйлығы)

Сонымен бірге барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар табысталды.

Шара соңында ауыл ақсақалдары жастарға ақ батасын беріп, ел мен жердің тыныштығы үшін дұға жасады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz