Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде мешіт қызметкерлерінің кезекті жиыны өтті. Басқосуға қалалық мешіттің имамдары мен ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты.
Жиын барысында мешіт қызметіндегі өзекті және ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды. Сондай-ақ жамағатпен байланыс, діни-ағартушылық жұмыстарды жетілдіру, мешіт ішіндегі тәртіп пен ынтымақты нығайту бағытындағы ұсыныстар ортаға салынды.
Мешіттің имамы Әбілхайыр Кәсенұлы жиынды жүргізіп, қатысушылардың пікірін тыңдап, алдағы жұмыс жоспары бойынша нақты тапсырмалар берді.
Жиын соңында мешіт ұжымы бірлесе жұмыс атқарудың, өзара қолдау мен түсіністіктің маңыздылығын атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы