Center Image
IHSAN.KZ
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ТЕМІРТАУДАҒЫ ЖАҢА МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ТЕМІРТАУДАҒЫ ЖАҢА МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Теміртау қаласына арнайы іс-сапармен барған ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы жергілікті өңірде салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

Қала имамы Ақниет Сәлімбайұлы ірге  тасы көтерілген құлшылық үйін жан-жақты аралатып, құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырды. Салынып жатқан бір мұнаралы мешітте бір мезетте 200 адам құлшылығын өтей алады.

Бір қабаттан тұратын ғимаратта ерлер мен әйелдерге арналған бөлек намазханалар мен дәретханалар қарастырылған.

 Бой көтеріп жатқан жаңа құлшылық үйімен таныс болған облыс бас имамы  Естай Айтуғанұлы мешітті жоспарланған уақытта аяқтау қажеттігін тапсырып, құрылыс жұмысы барысында қауіпсіздік шараларына баса назар аудару қажеттігін жеткізді.

 Сондай-ақ,  игі іске атсалысып жатқан демеуші азаматтардың қажырлы еңбегін ерекше атап өтіп, өз ризашылығын білдірді.


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

 

 

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz