ҚМДБ-ның Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасы негізінде Қарағанды облысы өкілдігіне қарасты мешіттерде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған тазалық жұмыстарына дін қызметкерлері мен мешіт жамағаты белсене ат салысты.
Шараның басты мақсаты қоршаған ортаны қорғау, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жамағат арасында табиғатқа жанашырлық пен жауапкершілікті нығайту болды. Акция барысында мешіт аумағы мен маңайы тазартылып, қоқыс жиналды.
Игі іс арқылы мұсылман қауымына табиғатты аялау, қоғамның ортақ игілігіне атсалысу және тазалықты имандылық белгісі ретінде ұстану жөнінде үлгі көрсетілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы