Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Игі шара мешіт имамы Асылхан Нұртайұлының бастамасымен өтті. Акцияға мешіт жамағаты мен дін қызметкерлері белсене қатысып, мешіт ауласы мен айналасын тазалап, көгалдандыру жұмыстарына атсалысты.
Шараның мақсаты – қоршаған ортаға қамқорлық танытып, жамағат арасында экологиялық мәдениетті насихаттау болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы