Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің жамағаты «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған республикалық шараға белсене қатысты.
Акция барысында қала аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық мәдениетті арттыру және экологиялық жауапкершілікті күшейту бағытында нақты істер атқарылды.
Шараның мақсаты – табиғатты аялау мен тазалық сақтау туралы исламдық құндылықтарды жамағат арасында кеңінен насихаттап, қоғамның экологиялық мәдениетін дамытуға үлес қосу болды.
Ислам дәстүрінде тазалық – иманның жартысы ретінде қарастырылатындықтан, бұл акция мешіт жамағатының рухани әрі әлеуметтік белсенділігін айқындайтын игі бастама болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы