Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде сыртқы жарық шамдары жаңартылды
«Төлеутай ата» мешітінде сыртқы жарық шамдары жаңартылды

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде мешіт істері бағыты бойынша игі жұмыстар жалғасуда.

Мешіттің бас имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен мешіт ауласына орнатылған сыртқы жарық шамдары жаңартылып, мешіт аумағының көркі мен қауіпсіздігі арта түсті.

Аталмыш жұмыс — мешіттің түнгі мезгілде де жарық әрі жайлы болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, жамағаттың құлшылыққа келіп-кетуіне қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылды.

Имам Рауан Төлеубекұлының айтуынша, мешіт істерін жетілдіру бағытындағы мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табады.

Мешіт ұжымы мен жамағаты бұл жұмысты сауапты іс деп қабылдап, үлес қосқан азаматтарға ризашылықтарын білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz