Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен ерекше рухани шара — «Салауат» жәрмеңкесі өтті.
Бұл жәрмеңке Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-ға деген сүйіспеншілікті арттырып, салауат айтудың маңызын насихаттауға бағытталды.
Шараның шарты бойынша, жәрмеңкеге қатысқан әйелдер жамағаты Пайғамбарымызға ﷺ салауат жолдап, жолдаған салауат санына қарай жәрмеңкеден түрлі сыйлықтар — кітаптар, тәттілер және пайдалы заттар алу мүмкіндігіне ие болды.
«Салауат жәрмеңкесінің басты мақсаты — жамағаттың жүрегінде Пайғамбарымызға деген махаббатты жандандыру, өмірдің рухани мағынасын жеткізу», — деп атап өтті ұстаз Амангелді Меруерт.
Шара барысында ұстаз қатысушыларға алғыс айтып, лайықты сый-сияпаттарын табыстады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы