Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен Агротехникалық колледжі студенттерінің арасында үстел теннисінен сайыс өтті.
Жарыстың басты мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау, салауатты өмір салтын насихаттау және мешіт пен жастар арасындағы рухани байланысты нығайту болды.
Сайыс барысында студенттер өзара тартысты ойын көрсетіп, жеңіске жету жолында шеберліктерін танытты.
Шара соңында мешіт имамы Рауан Төлеубекұлының бастамасымен жарыс жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
Имам өз сөзінде жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, уақытты пайдалы іске жұмсауға және бірлік пен бауырмалдыққа шақырды.
Жастар мұндай игі іс-шаралардың жиі өткізіліп тұруы үлкен жігер мен серпін беретінін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы