Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті және Шахан кенті «Сәлкен молла» мешітінің жамағаты салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында үстел теннисінен жолдастық кездесу өткізді.
Шара Шахан кентінде өтіп, жамағаттар өзара спорттық сайыста бақ сынап, достық пен ынтымақтың үлгісін көрсетті.
Жолдастық кездесудің негізгі мақсаты — мұсылман жамағаты арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, сондай-ақ бірлік пен бауырмалдық қарым-қатынасты нығайту болды.
Іс-шара соңында қатысушылар бір-біріне ізгі тілектерін айтып, осындай спорттық әрі рухани шаралардың жамағатты жақындастыратынын және қоғамға үлгі болатынын атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы