ҚМДБ-ның Қарағанды
облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы Әлихан Бөкейхан ауданына қарасты
Сұрыптау кенті «Ақыт қажы» мешітіне бақылау-басқару жұмыстарын жүргізу
мақсатында іссапармен барды.
Қызметтік сапар
барысында Сұрыптау кенті «Ақыт қажы» мешітінің имамы Мамбар Жанарбек өңірдегі
діни ахуал жөнінде баяндама жасады. Сондай-ақ соңғы уақытта жүзеге асқан игі
істер мен алдағы жоспарлар туралы да ақпарат берді.
Сапар
барысында Жергілікті «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының жұмысы
қаралды. Осы бағыт аясында өңірдегі зират маңына арнайы барып, жоспарға алынып
жатқан игі жобамен танысты. Атап айтқанда, аймақтағы зиратқа бөлінген 3 гектар
жер телімі алдағы уақытта «Қамқор-Шарапат» жобасы бойынша жерлеу рәсімдерін
шариғат талаптарына сай өткізу мақсатында пайдаланылатын болады.
Шара барысында облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы бабалар рухына Құран бағыштап, ел мен жердің тыныштығы үшін дұға жасады
ҚМДБ-ның Қарағанды
облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы