Шахан кентіндегі «Сәлкен молла» мешітінде «Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» тақырыбында семинар өтті. Семинарды Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлы жүргізді. Іс-шараға мешіт ұжымы мен кент тұрғындары қатысты.
Семинар барысында тойдың ұлттық тәрбие мен өнегені дәріптейтін, ағайын арасындағы сыйластықты нығайтатын қуанышты басқосу екені айтылды. Имам той өткізуде салт-дәстүрдің мәнін сақтап, ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеудің маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ той мәдениетін қалыптастыру, үлкенге құрмет көрсету және жастарға үлгі болатын мазмұнды шаралар ұйымдастыру мәселелері сөз болды. Басқосу қатысушыларды қуанышты сәттерді ізгілік пен әдеп аясында өткізуге үндеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы