Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ: ЖАҢА FM РАДИОСЫНДА УАҚЫПТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖАЙЛЫ СҰХБАТ ӨРБІДІ
ҚАРАҒАНДЫ: ЖАҢА FM РАДИОСЫНДА УАҚЫПТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖАЙЛЫ СҰХБАТ ӨРБІДІ
ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының Төраға орынбасары Абдуалибек Анарқұлұлы Қарағанды қаласына жасаған қызметтік сапары барысында жергілікті «ЖАҢА FM» телерадиосында «Уақып қорының маңыздылығы» тақырыбында сұхбат берді.

Келелі сұхбат барысында Абдуалибек Анарқұлұлы «Уақып» қорының қоғамдағы рөлі мен маңыздылығына тоқталып, қордың басты мақсаттары мен  бағыттары туралы егжей-тегжейлі баяндады. Ол сондай-ақ, қордың дін мен қоғам игілігіне бағытталған әлеуметтік және қайырымдылық жобаларына кеңінен тоқталды.

Сұхбат соңында Абдуалибек Анарқұлұлы «Уақып» қорының алдағы жоспарларымен бөлісіп, жаңа әлеуметтік және рухани бағыттағы жобалардың қоғам үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz