ҚМДБ-ның
Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасы аясында
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Уақып-сарқылмас сауап» атты берекелі
кеш ұйымдастырылды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен өткен рухани кешке ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының төрағасы Азамат Әбікерімұлы және Төраға орынбасары Абдуалибек Анарқұлұлы арнайы қатысты.
Кеш барысында қор басшысы жиналған жамағатқа қордың атқарып жатқан игі істері мен алдағы жоспарлары жөнінде кеңінен мағлұмат берді.
Азамат Әбікерімұлы өз сөзінде уақып жүйесінің қоғам өміріндегі маңызы мен мұсылман қауымының бірлігіне қосар үлесін атап өтті.
Шара барысында берекелі дастархан жайылып, қатысушыларға рухани әрі танымдық мазмұндағы құнды ақпараттар ұсынылды.
Сонымен қатар, жамағат тарапынан уақып қызметіне қатысты түрлі сұрақтар қойылып, мазмұнды пікір алмасу өтті.
Кездесу соңында Құран аяттары оқылып, елдің амандығы мен жердің тыныштығы үшін дұға жасалды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы