ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді. ⠀
«Алланың құзырында ең ардақты іс-тақуалық»,- тақырыбында уағыз айтқан Бас имам: «Тақуалық – иманның өзегі, жүректің нұры. Тақуа адам Алладан қорқып, күнәдан сақтанады, әр ісінде Раббысының разылығын іздейді. Кімде-кім Алладан шынайы қорықса, Алла оның ісін жеңілдетіп, тығырықтан шығатын жол ашады, күтпеген жерден ризық нәсіп етеді. Нағыз абырой – мал-мүлікте емес, тақуалықта»,-деді.
Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел мен жер үшін шейіт болған батырлар руһына Құран бағыштап, халқымыздың тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀
⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы