ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық қоры» мен «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен облыстық «Әнет баба» мешітінде әлеуметтік бағыттағы игі шара өтті.
Шара аясында қала тазалығын қамтамасыз етіп жүрген көше тазалықшыларына арнайы таңғы ас беріліп, қыстық қалың шұлықтар мен жұмысқа арналған қолғаптар табыс етілді.
Ізгі бастаманың мақсаты — қоғамға пайдасын тигізіп жүрген еңбек адамдарына қолдау көрсету және мейірім мен қайырымдылықтың маңызын насихаттау.
Іс-шара барысында «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша Қарағанды облысының жауапты өкілі Бақдәулет Қыдырбайұлы дәстүр мен ізгілік тақырыбында өнегелі насихат айтып, жиналғандарға рухани тағылым берді. Сонымен қатар, Құран аяттары оқылып, елдің амандығы мен еңбек адамдарының игілігі үшін бата жасалды.
Мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады деп күтілуде.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы