Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Сәрепті ауылдық мешітінің имамы Сәйдоллаұлы Сәбидолла жергілікті мектеп оқушыларымен кездесу өткізіп, «Жат ағымнан сақ бол!» тақырыбында рухани насихат айтты.
Кездесу барысында имам жастарға дәстүрлі Ислам құндылықтарын түсіндіріп, қоғамдағы діни тұрақтылықтың маңызын атап өтті.
Сондай-ақ, түрлі теріс діни ағымдардың белгілерін ажырата білу, дін туралы дұрыс ақпаратты мешіт имамдарынан алу қажеттігін түсіндірді.
Жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, имам тарапынан мазмұнды жауаптар алды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы