Абай ауданына қарасты Қарабас кенті мешітінің имамы Шарифулла Шадиев Абай ауданының жұмыспен қамту орталығы қызметкерлеріне деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Жат ағымның зарбады» тақырыбында мазмұнды насихат айтылды.
Сонымен қатар, қатысушыларға теріс діни идеологияның қоғамға тигізер зияны, дәстүрлі Ислам мен дін атын жамылған ағымдардың айырмашылығы жөнінде кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, діни ақпаратты тек ресми және сенімді дереккөздерден алу керектігі ескертілді.
Жиын соңында қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, пайдалы мәліметтер алды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы