Шет ауданына қарасты Ақадыр кенті «Иса молла» мешітінде әйел-қыздар жамағатына ихсан ілімі бағытында насихат айтылды.
Насихат барысында мешіт ұстазы «Аллаға деген махаббат» тақырыбында мазмұнды уағыз-насихат жүргізді. Алла Тағалаға деген шынайы сүйіспеншілік, ықылас пен шүкіршілік жайында кеңінен түсіндірілді.
Имандылыққа, әдеп пен рухани тазаруға үндеген бұл жиын қатысушыларға үлкен әсер қалдырды. Әйел жамағаты уағыздан тағылым алып, күнделікті өмірде ихсан ілімін ұстанудың маңыздылығын атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы