Center Image
IHSAN.KZ
«Ажырасу және оның себептері» тақырыбында дәріс өтті
«Ажырасу және оның себептері» тақырыбында дәріс өтті

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде ұстаз Бақытгүл Айқалиқызының ұйымдастыруымен әйелдер жамағатына арналған «Ажырасу және оның себептері» атты тағылымдық дәріс өтті.

Дәріс барысында ұстаз қазіргі қоғамда жиілеп кеткен отбасылық келеңсіздіктердің себептеріне тоқталып, ерлі-зайыптылар арасындағы түсіністік, мейірім, сабыр және өзара құрметтің маңызын жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ, ажырасуға алып келетін факторлар және олардан сақтану жолдары шариғат пен өмірлік тәжірибелер негізінде баяндалды.

Жиын соңында қатысушы әйелдер көкейдегі сұрақтарын қойып, отбасы тұрақтылығын сақтау бойынша құнды кеңестер алды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz