Center Image
IHSAN.KZ
«Әкенің отбасындағы рөлі» тақырыбында уағыз-насихат айтылды
«Әкенің отбасындағы рөлі» тақырыбында уағыз-насихат айтылды

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде «Әкенің отбасындағы рөлі» тақырыбында тағылымдық насихат өтті.

Мешіттің дін қызметкері Мирас Ерланұлы әйелдер жамағатына отбасындағы әкенің орны, жауапкершілігі, бала тәрбиесіндегі рөлі және отбасы берекесін сақтаудағы маңызды міндеттері жөнінде әсерлі уағыз айтты.

Сондай-ақ, меңгерілетін құндылықтар мен күнделікті өмірде қолдануға болатын пайдалы кеңестер де жеткізілді.

Жиынға қатысқан әйелдер жамағаты өз сұрақтарын қойып, отбасылық тәрбие тақырыбында құнды мәліметтер алды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz