Center Image
IHSAN.KZ
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы  Бұқар жырау ауданына  барған кезекті қызметтік іс-сапарында  аудан әкімі Құсайын Ерлан Бейсембайұлымен кездесті.

Жиынға  Бұқар Жырау аудандық "Жыржыс қажы" мешітінің  имамы Акошев Рүстем Мұратұлы да қатысты.

Басқосуда өңірдің діни ахуалы,  аудандағы мешіт құрылыстары мен мешіттерді құжаттандыру мәселесі, дін қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы қозғалды.

Жиында қос тарап өңірдің келешегі мен  діни тұрақтылық жолында бірқатар бірлескен игі жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. 

Кездесу соңында облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы әдеттегі игі үрдіс бойынша аудан әкіміне  «Мүфтият» баспасынан жарық көрген «Дін мен дәстүр» кітабын тарту етсе, аудан имамы Ерлан Бейсембайұлы облыс бас имамына Бұқар Жырау бабамыздың кітабын  сыйға тартты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz