ҚМДБ -ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Мүфтият» баспасынан жарық көрген жаңа діни кітаптар кеңінен насихатталып, жамағатқа ұсынылды.
Шара барысында «Мүфтият» баспасы әзірлеген Құран кәрім басылымдары, ақида, фиқһ, тәжуид, хадис, отбасы тәрбиесі және рухани тәрбие бағытындағы ғылыми-тәжірибелік еңбектер қойылып, сатылымға шығарылды.
Сонымен қатар балаларға арналған көркем-тәрбиелік кітаптар мен басқа да танымдық еңбектер жамағат назарына ұсынылды.
Айта кетейік, облыстық «Әнет баба» мешітінен діни әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды насихаттау бағытында «Мүфтият баспасы» бөлмесі ашылып,
жамағаттың діни білімін арттыруға қолайлы жағдай жасалған болатын.
Бұл бастама ҚМДБ-ның оқу-ағарту, діни сауаттылықты көтеру және сапалы діни әдебиеттерді қолжетімді ету бағытындағы жұмысының жалғасы болып табылады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы