Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің сауат ашу курсы шәкірттеріне «Дін мен дәстүр» бағыты аясында садақ атудан дәріс өтті.
Шара барысында ұстаздар садақ атудың қазақтың жауынгерлік өнеріндегі орны, бабалар қолданған әдістер мен тарихи деректер туралы айтып өтті.
Сонымен қатар исламда садақ атудың сүннет болып саналуы, мұсылман жамағаты үшін дене дайындығы мен тәртіптің маңызы түсіндірілді.
Спорттық дәріс шәкірттердің қызығушылығын арттырып, ұлттық салт-дәстүр мен діни құндылықтың өзара байланысын тереңірек ұғынуға мүмкіндік берді. Мешіт ұжымы мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы