Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде «Тайқазан» жобасы аясында әлеуметтік көмекке мұқтаж отыз отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.
Мешіт имамы Ақниет Сәлімбайұлының ұйымдастыруымен өткен шара барысында әр отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті негізгі азық-түлік өнімдері табысталды.
«Тайқазан» жобасының мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлыққа мұқтаж жандарға қолдау көрсету, олардың тұрмысына жәрдемдесу.
Орталық «Әлихан Бөкейхан» мешіті тарапынан көрсетілген бұл қайырымдылық шарасы өңірдегі мұқтаж жандарға көрсетілетін тұрақты әлеуметтік көмектің бір бөлігі болып табылады
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы