Center Image
IHSAN.KZ
Саранда жат ағымдардың алдын алу бойынша кездесу өтті
Саранда жат ағымдардың алдын алу бойынша кездесу өтті

Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінің наиб имамы Ерболат Дауржан Саран қаласының спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Жат ағымның зардабы» тақырыбында мазмұнды уағыз-насихат айтылып, қатысушыларға теріс діни идеологияның қоғамға тигізер зияны кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар дәстүрлі Ислам құндылықтары мен дін атын жамылған өзге ағымдардың ара-жігі ажыратылып, діни ақпаратты тек ресми және сенімді дереккөздерден алу қажеттілігі баса айтылды.

Жиын соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пайдалы мәліметтер алды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz