Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде жастар арасындағы үстел теннисі сайысы ұйымдастырылды
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде жастар арасында үстел теннисінен сайыс өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жамағат арасындағы ынтымақтастықты арттыру болып табылады.
Сайысқа қатысқан жастар өздерінің ойын шеберлігін көрсетіп, спорттық этиканы, тәртіп пен өзара құрмет қағидаттарын жоғары деңгейде сақтады. Жарыс нәтижесі бойынша үздік көрсеткішке ие болған қатысушылар арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Аталған іс-шара мешіт жанындағы жастармен жұмыс жүргізу бағдарламалары аясында жүзеге асырылып, олардың рухани, мәдени және әлеуметтік дамуына қолдау көрсетуге бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігін құрайды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы