Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды имамдарына цифрланған салттық қызмет бағытында семинар өтті
Қарағанды имамдарына цифрланған салттық қызмет бағытында семинар өтті
ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының жылдық жоспарына сай Қарағанды облыстық «Әнет баба»
мешітінде  «Цифрланған салттық қызмет – сенім мен сауаптың жолы» тақырыбындағы семинар өтті.

ҚМДБ-ның  Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен өткен семинарға ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы арнайы қатысып, орталық жұмысының мақсаты мен жаңа цифрлық жүйенің мазмұнын кеңінен түсіндірді.

Жиын барысында орталықтың жұмыс бағыттары таныстырылып, жамағатқа көрсетілетін қызметтердің маңызы, тиімділігі және цифрландырудың артықшылықтары туралы ақпарат берілді. 

Сонымен қатар халыққа сапалы қызмет көрсету тетіктері талқыланып, жаңа цифрланған жүйенің қоғамға көрсетілетін діни қызмет сапасын арттыруға, сенім мен жауапкершілік қағидаларын күшейтуге зор ықпал ететінін атап өтті.

Жиын соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz