Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітінде жас отау иелеріне отбасы құндылықтары түсіндірілді
«Қазыбек би» мешітінде жас отау иелеріне отбасы құндылықтары түсіндірілді

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлы жас отау иелеріне арналған «Исламдағы отбасы құндылықтары» тақырыбында тағылымды насихат айтты.

Шара барысында имам ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген жауапкершілігі, өзара сыйластық, сабыр мен мейірімнің маңызы, отбасының тұрақтылығы мен берекесін сақтаудағы діни қағидалар жөнінде түсіндірді.

Сонымен қатар жас жұбайлардың некесі қиылып, оларға отбасы шаттығы мен берекесін тілеп, өнегелі өсиет пен ақ батасын берді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz