Center Image
IHSAN.KZ
Әйел-қыздар жамағаты рухани кеште бас қосты
Әйел-қыздар жамағаты рухани кеште бас қосты

КММ орталығының бастамасымен «Қазақстан болашағы үшін жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен  әйел - қыздар жамағатына арналған   рухани кеш ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Арай Серғалиқызы арнайы қатысып, әйелдер жамағатына уағыз-насихат айтты. 

Қатысушылар бір дастархан басында бас қосып қана қоймай, рухани құндылықтарды тереңірек талқылап, сабыр, мейірім және өзара көмек көрсетудің маңыздылығы жөнінде ой бөлісті.

Кеш аясында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір жолын танып-білуге бағытталған сира тақырыбында танымдық ойын өткізілді. Бұл қатысушылардың діни білімін арттырып, рухани дүниесін байыта түсті.

Сондай-ақ, қыз-келіншектерге рухани әрі танымдық мәні зор «Мақал-мәтелдер» кітабы сыйға тартылды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz