Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде әйелдер жамағатына «Ас беру мәдениеті» құжатын таныстыру мақсатында арнайы насихат жұмысы жүргізілді.
Кездесу барысында мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы құжаттың негізгі мазмұны мен маңыздылығына тоқталып, құдайы ас беру кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу, дастархан әдебін сақтау және шариғат талаптарына сай ас беру мәдениетін қалыптастыру жөнінде насихат айтты.
Сонымен қатар жамағатқа құжатта көрсетілген негізгі қағидалар түсіндіріліп, ас беру рәсімдерінде қарапайымдылықты ұстану мен орынсыз шығыннан сақтанудың маңыздылығы жеткізілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы