Center Image
IHSAN.KZ
Қазақстандағы Уақып қорының маңыздылығы түсіндірілді
Қазақстандағы Уақып қорының маңыздылығы түсіндірілді

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлының ұйымдастыруымен бейсенбілік рухани басқосуда «Қазақстандағы Уақып қорының маңыздылығы» тақырыбында тағылымды насихат айтылды.

Кеш барысында имам Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Уақып корпоративтік қайырымдылық қорының мәні мен қоғамдағы рөліне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ қазіргі таңда қор тарапынан жүзеге асырылып жатқан игі жобалар жайында айтып, жамағатқа жан-жақты мәлімет берді.

Имамның айтуынша, Уақып қоры арқылы Құран Кәрімді баспаға дайындау жұмыстары жүргізілуде. Бұл – еліміздегі діни-ағартушылық бағыттағы маңызды бастамалардың бірі екені атап өтілді. Сонымен қатар қордың қайырымдылық, әлеуметтік қолдау және рухани даму бағытындағы қызметі де тілге тиек етілді.

Жиын соңында жамағатпен бірге Құран оқылып, ата-баба рухына дұға бағышталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz