Center Image
IHSAN.KZ
Бұқар Жырау ауданында тазалық жұмыстары арқылы көмек көрсетілді
Бұқар Жырау ауданында тазалық жұмыстары арқылы көмек көрсетілді

Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Рүстем Мұратұлы әлеуметтік көмекке мұқтаж жалғыз басты ананың отбасына қайырымдылық көмек көрсетті.

Игі іс аясында мешіттің техникалық көлігі жұмылдырылып, тұрғын үй ауласында тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, үй маңы ретке келтіріліп, қоқыстар шығарылып, аула тазартылды.

Бұл шараның басты мақсаты – қоғамдағы мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қайырымдылық пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz