Center Image
IHSAN.KZ
«Жанқұтты би» мешітінде діни сауаттылықты арттыру шарасы ұйымдастырылды
«Жанқұтты би» мешітінде діни сауаттылықты арттыру шарасы ұйымдастырылды

Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы мешіт жамағатына жат ағымдардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында имам дәстүрлі ислам құндылықтары, діннің дұрыс түсінілуі және қоғамда теріс ағымдардың ықпалының алдын алу жолдары туралы кеңінен баяндады.

Жамағатқа діни білімді дұрыс қайнар көздерден алу, күмәнді ақпараттарға ермеу және рухани тұрақтылықты сақтау жөнінде насихат айтылды.

Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz