Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерімен арнайы жиын өткізді.
Жиын барысында имам қатысушыларға уақып қорының маңыздылығы мен қоғамдағы рөлі туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, уақыптың қайырымдылық пен әлеуметтік қолдауды дамытудағы орны ерекше екені атап өтілді.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, өзара пікір алмасу жүргізілді. Жиын қорытындысында алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды жандандыру мәселелері сөз болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы