Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Рүстем Мұратұлының ұйымдастыруымен «Таза мешіт» атты сенбілік жұмыстары өткізілді.
Шара барысында мешіт ауласы тазаланып, қоршаған орта ретке келтірілді. Тазалық жұмыстары мешіттің көркін арттырып, жамағатқа жайлы жағдай жасауға бағытталды.
Аталған игі іске мешіттің діни қызметкерлері белсене қатысып, бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.
Тазалық – иманның жартысы. Сондықтан мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы