Center Image
IHSAN.KZ
«Төле би» мешітінде заманауи жалюзилер орнатылды
«Төле би» мешітінде заманауи жалюзилер орнатылды

Қарағанды қалалық «Төле би» мешітінің ішкі көрінісін жаңарту мақсатында бірқатар игі жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, мешіт іші заманауи талаптарға сай әрленіп, көркем безендірілді.

Сонымен қатар, мешіт терезелеріне арнайы хадистер жазылған заманауи жалюзилер орнатылды. Бұл жалюзилер күн сәулесін реттеумен қатар, тәрбиелік мәні зор хадистермен безендірілген. 

Әрбір жазу жамағатты ізгілікке, сабырлыққа, бірлік пен адамгершілікке үндейді.

Аталған жаңашылдық мешітке келушілердің рухани әсер алуына мүмкіндік беріп, имандылық құндылықтарды насихаттауға ықпал етеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz