Center Image
IHSAN.KZ
«Қызмет Проф Сервис» ЖШС 36 ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТТІК ПӘТЕРЛЕРГЕ СЫРТҚЫ ЕСІКТЕР ТАРТУ ЕТТІ
«Қызмет Проф Сервис» ЖШС  36 ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТТІК ПӘТЕРЛЕРГЕ СЫРТҚЫ ЕСІКТЕР ТАРТУ ЕТТІ

«Қызмет Проф Сервис» ЖШС Қарағанды қаласында 36 имамға арнап салынып жатқан қызметтік пәтерлер құрылысына демеушілік көмек көрсетіп, сыртқы есіктер тарту етті.

Игі бастамаға қолдау білдірген компания басшысы Бекенов Ерқанат Бекенұлына ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы ризашылығын білдіріп, арнайы алғыс хат табыс етті.

Қазіргі таңда аталған ғимараттың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Үш қабаты толық көтеріліп, ішкі бөлмелері жоспарға сай бөлінуде. Сонымен қатар, нысанның шатыры орнатылу үстінде.

Аталған жоба Қарағанды өңіріндегі дін қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz