ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты меңгерушісі Жүсіпбек Шұғайұлы Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде пәтуа семинарын өткізді.
Аталған жиын барысында күн тәртібіне сай бірқатар өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, шариғаттағы сурет салу үкімі, бала шетінеп кеткен жағдайда жасалатын діни жоралғылардың үкімі, мешітте екінші жамағат болып намаз оқу мәселесі, сондай-ақ дәрі-дәрмек құрамында спирттік қоспа болған жағдайда оны қолдану үкімі жан-жақты түсіндірілді.
Семинар барысында қатысушыларға ҚМДБ «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жаңадан қабылданған пәтуалары таныстырылып, олардың мазмұны мен қолданылу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара дін қызметкерлерінің білімін жетілдіруге, шариғи мәселелер бойынша бірізділікті қалыптастыруға және қоғамдағы өзекті сұрақтарға нақты жауап беруге бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы