Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлының ұйымдастыруымен кезекті бейсенбілік рухани басқосу өтті.
Кездесу барысында имам уақыптың (қайырымдылықтың) қоғамдағы маңызына тоқталып, оның сауапты іс екендігін кеңінен түсіндірді. Уақып арқылы мұқтаж жандарға көмек көрсету, мешіт пен діни-ағарту жұмыстарына үлес қосу – әрбір мұсылман үшін үлкен сауап екені атап өтілді.
Жиын барысында жамағат көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алып, рухани азық жинады. Сонымен қатар қасиетті Құран аяттары оқылып, ата-бабалар рухына арнайы дұға бағышталды.
Мұндай рухани кездесулер жамағаттың бірлігін арттырып, имандылық құндылықтарды дәріптеуде маңызды рөл атқарады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы