ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан ауданы «Архитектурная» көшесі 25/5 мекен-жайында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.
Құлшылық үйінің құрылысын бастап салушы, дін жанашырлары облыс бас имамына жаңа мешіттің бүгінгі жұмыс барысынан хабар берді.
Бой көтеріп жатқан құлшылық үйімен таныс болған Естай Айтуғанұлы құрылыс жұмысы барысында қауіпсіздік шараларына баса назар аудару қажеттігін жеткізді.
Айта кетсек, заманауи әрі дәстүрлі архитектуралық стильде салынып жатқан бір күмбезді мешіт екі қабаттан тұрады. Құлшылық үйінде бір мезетте 300 адам намаз оқи алады. Намазханадан бөлек жаңа мешітте имамдар бөлмесі, ерлер және әйелдерге арналған дәретхана, Құран оқу бөлмесі, неке қию бөлмесі, сонымен қатар, асханасы және мәйітханасымен қамтамасыз етілген.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы