Center Image
IHSAN.KZ
Халықаралық Жер күніне орай мешіт аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілді
Халықаралық Жер күніне орай мешіт аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілді

Халықаралық Жер күніне орай “Таза Қазақстан” акциясы аясында Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Рүстем Мұратұлының ұйымдастыруымен мешіт ауласында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Аталған игі шараға мешіт имамы бастауымен мешіт жастары мен жамағаты белсене қатысып, аула аумағын тазалап, көркейту жұмыстарына өз үлестерін қосты.

Шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz