Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінде білім алушы қыз балалар арасында «Пайғамбарлар өмірінен» атты танымдық-шығармашылық байқау ұйымдастырылды.
Байқау барысында қатысушылар пайғамбарлар өмірінің түрлі кезеңдерін сурет арқылы бейнелеп, өз туындыларын мазмұнды түрде баяндап берді. Шараның басты мақсаты – балаларға рухани тәрбие беру, олардың ой-өрісін кеңейту және пайғамбарлар өнегесін насихаттау.
Пайғамбарлар – адамзатқа үлгі болған ұлы тұлғалар. Олардың өмір жолы түрлі сынақтарға толы болса да, әрдайым Аллаға деген сенімін сақтап, сабыр мен әділдікті ту еткен. Осындай тағылымды оқиғаларды сурет арқылы жеткізу балалардың қиялын дамытып, терең ойлауға жетелейді.
Қатысушылар Нұх пайғамбардың (а.с) кемесін, Мұса пайғамбардың (а.с) теңізді жарып өткен сәтін, сондай-ақ Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с) мейірімділігін бейнеледі. Әрбір сурет арқылы балалар өз сезімі мен түсінігін жеткізе білді.
Мұндай байқаулар жас ұрпақты тек шығармашылыққа баулып қана қоймай, пайғамбарлар өмірін танып-білуге, олардан үлгі алуға тәрбиелейді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы