Center Image
IHSAN.KZ
Жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне стресске төзімділік пен суицидтің алдын алу тақырыбында насихат айтылды
Жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне стресске төзімділік пен суицидтің алдын алу тақырыбында насихат айтылды

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің наиб имамы Дархан Түменбай жетімдер үйінің тәрбиеленушілерімен кездесу өткізіп, «Жастар арасында стресске төзімділік» және суицидтің алдын алу тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында имам жастарға өмірдің қадірін түсіндірумен қатар, қиындықтарға сабырмен қарап, күйзеліске бой алдырмаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, түрлі жағымсыз ойлардан аулақ болып, рухани тұрғыда нығаюдың жолдары жайлы пайдалы кеңестер берді.

Жиын соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz