Center Image
IHSAN.KZ
«Ғыйзат қажы» мешітінде жасөспірімдер арасында футбол сайысы өтті
«Ғыйзат қажы» мешітінде жасөспірімдер арасында футбол сайысы өтті

Қарағанды облысына қарасты Бұқар жырау ауданы, Байқадам ауылдық «Ғыйзат қажы» мешітінің жас шәкірттері арасында футбол ойыны ұйымдастырылды.

Аталған шараның негізгі мақсаты – жеткіншектерді салауатты өмір салтына баулу, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру және бос уақыттарын тиімді өткізуге бағыттау болды. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында достық пен ынтымақтастықты нығайту көзделді.

Футбол ойыны барысында қатысушылар белсенділік танытып, өзара ұйымшылдық пен шеберліктерін көрсетті. Тартысты өткен ойын жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, спорттың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Шара соңында ұйымдастырушылар жас шәкірттерге алғыс білдіріп, оларды әрдайым спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz