Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінде білім алушы қыз балалар «Ислам және ұлттық дәстүр» тақырыбы аясында қолөнер бұйымдарын жасап, өз шеберліктерін шыңдады.
Қолөнер – қыз баланың ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді терең түсінуіне жол ашатын маңызды құрал. Бұл тек әсем бұйым жасау ғана емес, сонымен қатар қыз баланың бойында көркем мінез бен пайдалы қасиеттерді қалыптастыратын тәрбиелік мәні зор өнер.
Ең алдымен, қолөнер қыз баланы еңбекқорлыққа, төзімділікке және ұқыптылыққа баулиды. Сонымен қатар, оның эстетикалық талғамын дамытып, сұлулықты сезіне білу қабілетін арттырады. Әсемдікке жақын болып өскен бала айналасындағы көркемдікті байқап, соған ұмтылады.
Сондай-ақ, қолөнер арқылы қыз балалар шеберлікке, үнемшілдікке және тұрмыстық іскерлікке үйренеді. Бұл қасиеттер олардың болашақ өмірінде үлкен рөл атқарып, жан-жақты қалыптасуына ықпал етеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы